Новости колледжа

30.10.2018 жыл

О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің оқытушылары мен студенттері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 5-ші қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы аясында шығармашылық интеллигенция өкілдерімен бірге «Қазіргі қоғамдағы кәсіптік білімнің рөлі мен орны» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел мақсаты: Кәсіптік білім әлеуметтік және экономикалық дамудың басты және жетекші факторы. Оқу үдерісінде алған толыққанды жүйелі кәсіптік білім адамның өзін жеке тұлға ретінде сезінуіне, оған әлеуметтік және кәсіби ұтқырлықты қамтамасыз етуге жағдай жасайды, өмір жағдайларын өзгерту кезінде бәсекеге қабілеттіліктің негізін құрайды.
Дөңгелек үстелге қонақ ретінде қатысқан, колледж түлегі Тунгатарова Дина Сабитовна өз тәжірибесімен бөлісіп, студенттердің түрлі сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ студенттерге мақсатқа жету жолында аянбай еңбек ету керектігін ерекше айтып өтті.
Әлжан Серік Мүбаракұлы, Өскенбай Мәлік Әуезханұлы, Жакупова Дана Тельмановна шәкірттерінің шығармашылықтарын ұштауларына, өмірден өз жолдарын табуларынаға тілектес екендіктерін айтты.

26.10.2018 жыл

О.Тансықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің педагогикалық ұжымы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 5-ші қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы аясында Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры, Экономика ғылымдарының докторы, Алматы қаласы Бостандық аудандық мәслихатының депутаты, профессор Шыныбеков Дамир Абдухалиұлының қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты: Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндіру және насихаттау. Елбасы келесі жылды «Жастар жылы» деп жариялануына орай болашақ жастарға деген мүмкіндіктерді қолдай отырып оларға табыс табу, әлеуметтік саланы дамыту сияқты жолдарымен жетік таныстыру.
Дамир Абдухалиұлы Мемлекет басшысының биылғы Жолдауының негізгі бағыттарына талқылап, өз тарапынан қолдау білдіретіндігін жеткізді. Дамир Абдухалиұлы колледж оқытушыларының сұрақтарына жауап бере отырып, «Дизайн» мамандығы бойынша жаңа технологияларды оқу үдерісіне енгізуге және болашақта бірлесіп жұмыс жасауға ұсыныс білдірді.
Елбасының кезекті Жолдауын құрметпен қабылдаған колледж ұжымы, бағдарланған міндеттерді нәтижелі жүзеге асыруға өз үлестерін қосатындығын жеткізді.

25.10.2018 жыл.

О.Тансықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің көрме залында колледж студенттері Қазақстан халық Ассамблеясының өкілдерімен сондай-ақ, ҚР Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік және жергілікті басқару институтының директоры, Мемлекеттік «Парасат» және 3 дәрежелі «Барыс» ордендарының иегері, Заң ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасына Еңбегі сіңген заңгер, профессор Федотова Зинаида Леонтьевнамен, Қазақстандық еркін күрескер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 2000 жылғы Сиднейдегі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Алматы қалалық Маслихатының №18 сайлау округі бойынша депутаты Байрамуков Ислам Ильясовичпен, Қазақстан Республикасының 1992 жылы қабылданған Мемлекеттік Әнұраны мәтіні авторларының бірі, белгілі қазақстандық ақын Дәрібаева Жадырамен, Қазақстанның Еңбек сіңірген кайраткері, ҚР Әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, кескіндемеші, колледж түлегі Ақанаев Амандос Әтибекұлымен және т.б өнер адамдарымен «Үш тілділік болашаққа жарқын жол» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесуде алғашқы болып сөз алған колледж директоры, профессор Шалабаев Сейтхали Исақұлұлы кездесудің негізгі мақсаты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау екендігін айтты.
Колледж оқытушысы Шермет Шерзат Розметұлы «Үш тұғырлы тіл- болашаққа бастар жол» тақырыбында слайд арқылы баяндама жасады. Республикада қазақтардан басқа 131 ұлыстың өкілдері тұратындығын атап өтті. Сондай-ақ Шерзат Розметұлы өз сөзінде колледжда ұйғырлар, шешендер, корейлер, әзірбайжандар, беларустар, нигуштар, қытайлар оқып жатқандығын тілге тиек етті.
Заңгер,профессор Федотова Зинаида Леонтьевна Жолдауда айтылған негізгі басымдықтарды айта келіп, «Педагог мәртебесі туралы» заңға ерекше тоқталып өтті. Кездесуге келген барша конақтар жастарға деген жүрекжарды тілектерін айтып, шағармашылықтарына ризашылықтарын білдіріп, естелік суретке түсті.

12.10.2018

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау

2018 жылдың 5 қазан күні Елбасы Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті Жолдауын жариялады.
Елбасы Жолдауын талқылау мақсатында 12 қазан 2018 жылы сағат 14.00-де О.Тансықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің студент жастары шығармашыл зиялылармен бірге кездесу өткізді.
Кездесуді директордың міндетін атқарушы Байгушикова Ақмарал Мұсақызы жүргізіп, Жолдауда айтылған негізгі міндеттерге тоқталып, Елбасының үкіметке қойған талаптарын түсінікті етіп жеткізді.
Кездесудің мақсаты – Жастарды жолдаумен таныстыру, шығармашылық пен ақыл-ой қабілеттіліктерін, жаңа дағдыларға қалыптасуын, креативтілік, сыни ойлау, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істеуге бейімдеу. Салауатты өмір салтына деген қызығушылықтарын арттыру. Шығармашыл интеллигенция зиялыларымен кездестіру арқылы шығармашыл жастарға заманауи өнерге деген бейімділіктерін жетілдіру.
Сонымен қатар кездесу барысында колледж ұстаздары Жолдауға байланысты өз ойларымен бөлісіп, қысқаша баяндама жасады. Кездесуге қонақ ретінде танымал суретшілер Дулат Алиев, Фатима Тарази, Асан Молдабаев қатысты. Колледж оқытушылары мен студенттері Елбасының тың бастамалар көтеріп, барша қазақстандықтар алдына үлкен міндеттер қойып отырған бұл Жолдауын бірауыздан қолдайтындарын білдірді.

6.10.2018
Жамбыл мұражайына, «Тамғалы тасқа» экскурсия жасады
6 — қазан 2018 жылы О.Таңсықбаев атындағы алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушылары Жақыпбаева Мария Жарбосынқызы, Акибаева Жамиля Парпеханқызы, Қасымбекова Айнұр Мырзағалымқызы, «Киім дизайны» кафедрасының оқытушылары және директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Ақмарал Мұсақызы 1,2,3,4-курс студенттерімен бірге Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы мұражайға және Алматы қаласынан 70 шақырым жерде орналасқан Қопа бекетінің күншығысындағы «Таңбалы тасқа» экскурсия ұйымдастырып, барып қайтты. Экскурсияның мақсаты студенттерді еліміздегі тарихи, мәдени орындармен таныстыру болды.
Жамбыл мұражайы – Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылында орналасқан тарихи және мәдени мекеме. Мұражай Қазақстан үкіметінің шешімімен қазақ халқының ұлы ақыны Жамбыл Жабаев тұрған үйде 1946 жылы ұйымдастырылған екен. Жамбыл мұражайы Алатаудың Майтөбе биігіне таяу жатқан жазықта, Жамбыл бабамыз көз жұмған ауылда орналасқан. Мұражайдың іргесінде ұлы ақынның көзі тірісінде егілген ағаштар, сол қалың баудың түкпіріне таман алма мен алмұрт бағының арасында 1946 ж. салынған кесене тұр. Кесене 1970 және 1996 ж. қайта жөнделіп, ақ мәрмәрмен қапталған. Кесененің дәл ортасына ұлы жыршыға құлпытас қойылған. Ақын денесі осында жерленген. Кесененің дәл іргесінде дәл іргесінде, сол жақ босағасына ақынның киесі — қызыл шұбар жолбарыс мүсіні орнатылған (1996). Жамбыл өмір сүрген үй , мұражайдағы бөлмеелер сол күйінде сақталған. Ондағы он екі бөлменің әрқайсысы тарихи жәдігерлерге толы, әрбір зат — ақын өмірінің тікелей куәгері. 1996 жылы мұражайға конференц зал салынып, іске қосылыпты. Бұл конференц залдың алғашқы іргетасын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев қалаған.
Алматы қаласынан 70 шақырым жерде орналасқан Қопа бекетінің күншығысында «Таңбалы» тас деген жер бар. «Таңбалы тас» бірнеше жылғадан, өзектерден тұрады. Жан-жағында сайлар, күнге әбден күйген жалпақ гранит тас бар. Тастың беті толған сурет. Таутеке, бұғы, киік, шошқа, жылқы, бұқалардың кескіндері сол тасқа қашалып салынған.. Археологтардың «Таңбалы тасқа» жүргізген зерттеу нәтижесінде, бұл жердің тас дәуірінде адамдардың табынатын «қасиетті мекені» болғандығы анықталған. Зерттеу барысында бес мыңдай сурет есепке алынған. Олардың салынғанына төрт мың жылдай өткен. Қазір «Таңбалы тас» ЮНЕСКО-ның қарамағына алынып, туристер келетін мекенге айналған.

5.10.2018
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың мемлекеттің әлеуметтік — экономикалық дамуына арналған кезекті халыққа жолдауын О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің ұжымы тыңдап, жолдауға қолдау білдірді.

Құрметті, Нұрсұлтан Әбішұлы!

О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің ұжымы Сіздің, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған халыққа Жолдауыңызға толық қолдау білдіреді!
Жолдауда Өзіңіз атап көрсеткен, Педагог мәртебесін көтеру мәселесін қолдай отырып, ұстаздық біліктілік деңгейін көтеріп, білім беру сапасын арттыруды жалғастырамыз. Бәсекеге қабілетті, интеллектуал мамандарды дайындау — білікті педагогтардың міндеті.
«Жастар мен отбасы институтын қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиіс» — деген шешіміңізді басшылыққа ала отырып, жастардың барлық жетістіктеріне қолдау көрсетіп, жан-жақты дамуын жетілдіреміз. Келер жылдың «Жастар жылы» деп жариялануына колледж жастары қолдау білдіреді. Осыған орай, болашақ мамандардың заманауи талаптарға сай білім алуына, шығармашыл тұлға болып қалыптасуына ықпал етеміз!

3.10.2018
«Нұр Отан» партиясының бостандық аудандық филиалының тапсырмасымен, республикалық жілілік кестеге сәйкес О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінде «IT- мамандарды дайындау» партиялық жобасы шеңберінде білікті мамандарды даярлауда «ІТ-технологиясын енгізу» тақырыбында дөңгелек стол өтті.
Биыл елімізде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылды. Негізі былтыр қаланған осынау жобаны Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында ерекше атап өткен болатын. Елбасы атап өткендей, ақпараттық технологиялардың қарыштап дамып бара жатқан мына заманында IT саласын дамытпасақ, дамыған 30 елдің қатарынан көріну бізге жай арман боп қалары анық. Өйткені, өркениетті елдердің барлығы осы сандық жүйеге көшіп, өнеркәсібінің дамуын және халқының әл-ауқатын жылдан-жылға жақсартып келеді. Ақпараттық технология саласы, қазіргі уақыттың басты дүниелерінің бірі болып тұр. Себебі қазір барлығымыз жаңа технологияларды қажет етеміз және оған деген сұраныс аса жоғары. Күнделікті қолданатын тоңазытқышымызға дейін IT – ге тәуелді. Әртүрлі мобилді қосымшалар бізге әртүрлі мүмкіндіктер беріп отыр, мысалы үйде отырып: газ, жарық, судың ақшасын телефон арқылы төлеуге болады.
Колледждегі партия ұйымының хатшысы Боранбай Рита «Нұр Отан» партиясының 2018 жылы 25 қыркүйекте бекітілген «Нұр Отан» партиясының партиялық жобалары туралы бұйрықпен таныстырып, осы бұйрықта көрсетілген 20 жоба бойынша жұмыс атқаратындығын атап өтті. Колледж оқытушылары Касымбекова Айнур Мырзагалымовна мен Молдабекова Гаухар колледжда электронды журнал қолданысқа енгізілсе деген ұсыныстарын білдірді.

Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің 80- жылдық мерейтойына орай  «Заманауи өнер мен білімнің Рухани жаңғыру аясындағы көрінісі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі.

 

Конференция келесі бағыттар  бойынша жүргізіледі:

  1. «Рухани жаңғыру» аясындағы заманауи білім мен өнер;
  2. Қазақстанның бейнелеу өнерін дамыту бағыттары;
  3. Кәсіби білікті өнер мамандарын дайындаудың өзекті мәселелері.

 

Мақалаға қойылатын негізгі талаптар:

  1. Конференцияға материалдар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады. Орыс тіліндегі мақалалар үшін  түйінжәне summary, қазақ тіліндегі мақалалар үшін резюме және summary келтіріледі. Мақала мәтіні мен өтініштің сапалы басылған бір дана (бет нөмірі көрсетілмейді) баспа түрі және электронды нұсқасы, дискіде немесе электрондық поштамен ұсынылады (файлдың атауы бірінші автордың фамилиясымен сай келуі қажет, мақала мен өтініш бір файлда беріледі).
  2. Авторға байланысты келесі мағлұматтар берілуі тиіс: Білім беру мекемесінің атауы, ғылыми атағы мен дәрежесі, пошталық адресі мен индексі, электрондық поштасы, телефон нөмірі.
  3. Мақала көлемі —  5 бетке дейін, Times New Roman қарпінде терілуі тиіс;

А4 форматында, қаріп өлшемі – 12;

Жоларалық қашықтық – 1;

Азат жол – 1 см.;

Сол жағы – 2,5 см, қалған жақтары – 2,0 см.;

Мәтін ішіндегі сілтемелер былай көрсетіледі: [1, 25], 1 – дерек көзі, 25 – беті; [1; 2; 3], бірнеше дерек көзін қолданған кезде көрсетіледі. Кестелер, суреттер мәтіннің ішінде орналасады.

  1. Мақала авторларының саны 2 адамнан аспауы тиіс. Мақала мәтіні түзетілмейді және түпнұсқа болып саналады. Конференция еңбектерінің жинағы тікелей көшіру әдісімен теріледі. Көрсетілген мерзімнен кеш түскен немесе талаптарға сай келмейтін материалдар жарияланбайды.

 

Конференцияға қатысу үшін өтініштің (тіркелген үлгі бойынша), мақала мәтінінің баспа түріндегі және электрондық нұсқалары (1 данадан)  және баспаға шығару  жарнасы (3000 теңге көлемінде),  2018 жылдың 15 қарашасына дейін қабылданады.

 

 

Конференцияның өтетін орны:

Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,  Қазақстан Республикасының Орталық мұражайы

 

Конференцияның ұйымдастыру комитетіне жауапты:

Байгушикова Акмарал Мусаевна  8-707-220-09-70,

Амангельдина Ақтолқын Боранбаевна  8-707-414-24-17

Кенженова Асем Сериковна 8-747-411-61-73,  

Е-mail: kenzhenova@mail.ru

Анықтама үшін тел.: 8(727) 379-83-26

 

Конференцияға қатысуға талап білдірушілерден жоғарыда көрсетілген талаптарға сай терілген материалдарды жіберу сұралады.

 

Мақаланы дайындау үлгісі:

 

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» АЯСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН ДАМЫТУДЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ

Амангельдина А.Б.

О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі

Алматы қ., Қазақстан

Aktolkyn-A@mail.ru

 

Түйін: Бұл мақалада автор Қазақстанның бейнелеу өнеріндегі өзекті мәселелерді

             қарастырады…

Резюме: В этой статье автор рассматривает актуальные вопросы Казахстанского

                изобразительного искусства…

Abstract: In this article the author examines actual questions of the Fine arts of Kazakhstan… 

Кілт сөздер: Қазақстан бейнелеу өнері,  абстракционизм

Ключевые слова: изобразительное искусство Казахстана, абстракционизм

Key words: Kazakhstan fine arts, abstraction

Мәтін

Пайдаланған әдебиеттер

 

Өтініш үлгісі:

                                                             Өтініш

1

Баяндамашының тегі, аты-жөні (толығымен)

 

2

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

 

3

Мекемесі, лауазымы

 

4

Мекен-жайы (индексі көрсетілуі міндетті)

 

5

Телефон, факс (халықаралық байланыс кодымен)

 

6

Мақаланың тақырыбы

 

7

Секцияның атауы

 

 

РГКП АКДПИ им. О. Тансыкбаева

РГКП «Алматинский колледж декоративно-прикладного искусства им. О. Тансыкбаева»

 

БИН 950340001283

ИИК KZ44722S000001412049

БИК CASPKZKA,Кбе 16

АО «KASPI BANK»

г. Алматы, пр Абая, 56А, индекс 050008

Электронная почта akdpi@inbox.ru

Алматинский колледж декоративно-прикладного искусства им. Орала Тансыкбаева проводит Республиканскую научно-практическую конференцию, посвященную 80-летию образования колледжа «Современное искусство и образование в рамках государственной программы «Рухани жаңғыру».

 

            Конференция проводится по следующим направлениям:

  1. Современное образование и искусство в рамках «Рухани жаңғыру»;
  2. Направления развития изобразительного искусства Казахстана;
  3. Актуальные вопросы подготовки квалифицированных специалистов профессионального искусства.

 

Основные требования, предъявляемые к материалам статьи:

  1. На конференцию принимаются материалы на казахском и русском языках. Для статей на русском языке предоставляются түйін и summary, для статей на казахском языке — резюме и summary. Один экземпляр заявления и текст статьи (страница, номер не указывается) в печатном и электронном виде на диске или отправленное по электронной почте, предоставляются вместе с копией квитанции об оплате организационного взноса (название файла должно соответствовать фамилии первого автора, текст статьи и заявка предоставляются в одном файле).
  2. Об авторах должны быть переданы следующие сведения: наименование образовательного учреждения, ученая степень, звание, почтовый адрес с указанием индекса, электронная почта, номер телефона.
  3. Объем статьи — до 5 страниц должен быть набран в Times New Roman;

В формате А4, размер шрифта (кегль) – 12;

Межстрочный интервал – 1;

Абзац – 1 см;

Левое – 2,5 см, остальные стороны – 2,0 см.;

Внутри текста ссылки оформляются следующим образом: [1, 25], где 1 – название источника,  25 – страница; [1; 2; 3], где цифры через точку с запятой указывают источники, на которые делаются ссылки. Таблицы, рисунки размещаются внутри текста.

  1. Количество авторов статьи не должно превышать 2 человек. Текст статьи не редактируется и является оригиналом. Сборник трудов научно-практической конференции будет набран методом прямого копирования. Не публикуются материалы, поступившие позже указанного срока, а также не соответствующие требованиям.

 

Заявки на участие в конференции (по прилагаемой форме), тексты статей в печатном и электронном видах (по 1 шт.), а также взносы за публикацию статьи (3000 тенге)  принимаются  до 15 ноября 2018 года.

 

   Место проведения конференции: Республика Казахстан, г. Алматы

   Центральный Государственный музей Республики Казахстан

      

Организационный комитет конференции:

Байгушикова Акмарал Мусаевна 8-707-220-09-70,

Амангельдина Актолкын Боранбаевна 8-707-414-24-17,

Кенженова Асем Сериковна 8-747-411-61-73. 

Е-mail: kenzhenova@mail.ru

Тел. для справок: 8(727) 379-83-26

Желающих принять участие в конференции просим отправить материалы в соответствии с вышеуказанными требованиями.

 

Образец оформления статьи;

ОСНОВНЫЕ УСЛОВИЯ  РАЗВИТИЯ ИЗОБРАЗИТЕЛЬНОГО ИСКУССТВА КАЗАХСТАНА В РАМКАХ ГОСПРОГРАММЫ «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»

Амангельдина А.Б.

О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі

Алматы қ., Қазақстан

Aktolkyn-A@mail.ru

Резюме: В этой статье автор рассматривает актуальные вопросы казахстанского изобразительного искусства…

Түйін: Бұл мақалада автор Қазақстан бейнелеу өнерінің өзекті мәселелерін қарастырады… 

Abstract: In this article the author examines actual questions of the Fine arts of Kazakhstan… 

текст

Ключевые слова: изобразительное искусство Казахстана, абстракционизм

Кілт сөздер: Қазақстан бейнелеу өнері,  абстракционизм

Key words: Kazakhstan fine arts, abstraction

Список использованной литературы

 

Регистрационная форма

                                                         Заявление    

1

ф. и. о. докладчика (полностью)

 

2

Ученая степень, ученое звание

 

3

Учреждение, должность

 

4

Адрес (индекс указывать обязательно)

 

5

Телефон, факс (с кодом международной связи)

 

6

Тема статьи

 

7

Наименование секции

 

 

РГКП АКДПИ им. О. Тансыкбаева

РГКП «Алматинский колледж декоративно-прикладного искусства им. О. Тансыкбаева»

 

БИН 950340001283

ИИК KZ44722S000001412049

БИК CASPKZKA,Кбе 16

АО «KASPI BANK»

г. Алматы, пр Абая, 56А, индекс 050008

Электронная почта akdpi@inbox.ru

1.10.2018 жыл
2018 жылдың 29 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде өткен «Отбасы күні» мерекесіне орай «Отбасымен музейге » атты фестивальға О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің студенттері қатысып, кескіндеме, зергерлік бұйымдар, қыш өнері, ағаш өңдеу бойынша шеберлік-сынып көрсетті.
Бұл мереке Қазақстанда 2013 жылдан бері аталып өтуде. Фестивальді жыл сайын өткізудегі негізгі мақсат мәдени құндылықтар, салт-дәстүрді сақтау, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу.
Музейге келушілер бейнелеу өнері студиясының шәкірттері мен кәсіби суретшілердің көркем туындыларымен танысып, музей қызметкерлері өткізген арнайы дәрісті тыңдап, сәндік-қолданбалы өнер бойынша ұйымдастырылған шеберлік-сабақтарға, танымдық ойындарға қатысып білімдерін тереңдетті.
Іс-шара аясында көрермендерге суретші Закирова Гузельдің «Орталық Азия келбеті» атты жеке көрмесі ұсынылды.