Новости министерства

19.09.2018

Министрліктің жаңалықтары
19.09.2018

Мәжілісте «Кинематография туралы» заң жобасы таныстырылды
19 қыркүйек, 2018. Астана. Қазақстандағы киноиндустрия кластерінің дамуы туралы бүгін Орталық Коммуникациялар Қызметінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова, кинорежиссер Рүстем Әбдірашев және Қазақстан кинематографистер одағының төрағасы Ахат Ибраевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова атап өткендей, бірнеше бірнеше жыл ішінде прокаттағы ұлттық киноның үлесі екі есе өсті – 2014 жылғы 6% — дан 12,5% — ға дейін. Соңғы үш жылда министрліктің тапсырысы бойынша 20 көркем, 67 деректі, 4 анимациялық картиналар шығарылды. Олардың барлығы еліміздің тарихы, мәдениеті, дәстүрі, қазіргі жетістіктері, тарихи тұлғалары, «біздің заманымыздың батырлары» туралы.
Қазақстан киносы тарихында алғаш рет халықаралық прокатқа шықты. Жасыратыны жоқ, бұрын біз тек халықаралық фестивальдер мен байқаулардағы бір жолғы көрсеткіштермен шектелетінбіз, бүгінгі күні бірлескен өнімнің арқасында 2017 жылы ресейлік прокаттың көшбасшысы болған қазақстандық-ресейлік «28 панфиловшылар» кинокартинасы әлемдік деңгейде мойындалды, голливудтық компаниялармен бірлесіп түсірілген «Әміре» картинасы үлкен жетістікпен өтіп, 4 апта бойы прокатта жетекші орынға ие болды. Екі ел Мемлекет басшыларының бастамасымен түсірілген алғашқы қазақстан-қытай бірлескен «Композитор» фильмі шығады. Бұл картинамен Қазақстан алғаш рет әлемнің барлық жетекші кинокомпаниялары армандайтын Қытай кинопрокатының кең нарығына шығады. Сондай-ақ, жақында Алматы облысында қазақстан-жапон бірлескен өнімі серіктесі «TokyoNewCinema» компаниясы болып табылатын, «Конокрады» толық метражды көркем фильмінің түсірілімі басталып кетті.
«Мемлекет басшысының қолдауымен, алтыншы шақырылымдағы Парламенттің үшінші сессиясының ашылуында берілген тапсырмаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында алғаш рет «Кинематография туралы» заң жобасы әзірленді. Бұл кинематографияның дербес тынысын ашатын мәдениет саласындағы алғашқы заң. Өте күрделі де ауқымды заң. Ол ұлттық киноның ары қарай дамуы жолында түбегейлі өзгерістер алып келеді және үш негізгі міндеттерді шешуге бағыт алады. Біріншіден — ұлттық фильмдер өндірісіне қолдау; екіншіден — ұлттық киноның кең таралуын қамтамасыз ету; үшіншіден — қазақстандық киноның халықаралық нарыққа шығуы, оның ішінде бірлескен кинофильмдер және әлемнің жетекші кинокомпанияларымен бірлескен өнімдер жасау» — деп атап өтті вице-министр.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанында коммерциялық емес акционерлік қоғам нысанында Ұлттық киноны қолдау қорын құру Заң жобасының ең маңызды құрамы болып табылады. Аталған ұйымның қызметі ең алдымен кино өндірісіне, ұлттық киноны прокаттау мен оны алға ілгерілетуге бюджеттен және бюджеттен тыс бөлінген қаражатты жинақтау және бөлуге бағытталатын болады. Бұл халықаралық тәжірибе, осындай ұйымдар әлемдегі барлық алдыңғы қатарлы киноөндіруші мемлекеттерде жұмыс істейді. Қордың басты міндеті ашық конкурстың нәтижесі бойынша кино жобаларды қарау және іріктеу болады. Питчингке барлық тәуелсіз киностудиялар мен продюсерлік орталықтар қатыса алады.
Сонымен бірге, ұлттық киноны мемлекеттік қаржыландырудың жаңа моделін енгізу жоспарланып отыр. Қазіргі кезде біршама картиналар, прокатты қосқанда, толық көлемде қаржыландырылады. Тиісінше, бұл шығарылатын картиналардың санын, сондай-ақ олардың нарықтағы коммерциялық жылжуын айтарлықтай шектейді, өйткені өндіруші, продюсер, шығармашылық топ өндіріс барысында өздерінің барлық қаламақыларын алып қояды.
«Бүгінде шетелде кеңес картиналарының танымалдығы, хроникасы өсіп келеді. Сондықтан да бізге кино қорлардың сақталуын қамтамасыз етіп қана қоймай, табыс табу үшін жұмыс істеуіміз қажет» деп қорытындылады өз сөзін Ақтоты Райымқұлова.

Новости Министерства
19.09.2018
В Мажилисе презентован проект закона «О кинематографии»

19 сентября, 2018. Астана. О развитии кластера киноиндустрии в Казахстане – об этом сегодня говорили в ходе пресс-конференции в Службе Центральных коммуникаций вице-министр культуры и спорта Республики Казахстан Актоты Райымкулова, кинорежиссер Рустем Абдрашов и продюссер Ахат Ибраев.
Как сообщила вице-министр культуры и спорта Актоты Райымкулова, всего за несколько лет доля национального кино в прокате выросла практически вдвое – с 6 % в 2014 году до 12,5 %. За последние три года по заказу министерства выпущено 20 художественных, 67 документальных, 4 анимационных картины. Все они, об истории страны, культуре, традициях, современных достижениях, исторических личностях, «героях нашего времени».
Впервые в истории казахстанское кино целенаправленно вышло в международный прокат. Что скрывать, раньше мы ограничивались только разовыми показами на международных фестивалях и конкурсах, сегодня же благодаря созданию ко-продукции широкое мировое признание получили казахстанско-российская кинокартина «28 панфиловцев», ставшая лидером российского проката 2017 года; с большим успехом прошла снятая совместно с голливудскими компаниями картина «Амре», которая фактически 4 недели занимала лидирующие позиции в прокате. На выходе первый совместный казахстанско-китайский фильм «Композитор», снятый по инициативе Глав двух государств. С этой картиной Казахстан впервые выходит на широкий китайский рынок кинопроката, попасть на который мечтают все ведущие кинокомпании мира. Также, буквально недавно в Алматинской области начались съемки казахстанско-японской ко-продукции «Конокрады», партнерами которой стала компания «TokyoNewCinema».
Благодаря поддержке Главы государства в соответствии с поручением, озвученным на открытии третьей сессии Парламента шестого созыва, впервые за годы Независимости Республики Казахстан разработан проект закона Республики Казахстан «О кинематографии».
Это первый Закон в области культуры, который выводит сферу кинематографии в отдельную самостоятельную отрасль. «Это сложный и непростой Закон, который кардинально изменит все действующие механизмы дальнейшего развития национального кино и направлен на решение трех основных задач: первое — поддержка производства национальных фильмов; второе – обеспечение широкого проката национального кино; третье – выход казахстанского кино на международный рынок, в том числе за счет совместного кинопроизводства и создания ко-продукции с ведущими кинокомпаниями мира», -отметила вице-министр.
Также, одной из важнейших составляющих проекта Закона является создание при Правительстве Республики Казахстан Фонда поддержки национального кино в форме некоммерческого акционерного общества. Деятельность данной организации будет направлена, прежде всего, на аккумулирование и распределение бюджетных и внебюджетных средств, выделяемых на кинопроизводство, прокат, показ и дальнейшее продвижение национальных фильмов.
Это международная практика, подобные организации действуют практически во всех ведущих странах кинопроизводителях. Одной из основных задач Фонда будет рассмотрение и отбор кинопроектов по результатам открытого конкурса. Участие в питчинге смогут принять все независимые киностудии и продюсерские центры.
Кроме того, предлагается введение новой модели государственного финансирования национального кино. Сегодня практически все картины финансируются в полном объеме, включая их прокат. Соответственно, это серьезно ограничивает число выпускаемых картин, а также их коммерческое продвижение на рынке, так как производитель, продюсер, творческая группа в ходе производства уже получили все свои гонорары.
«Сегодня за рубежом растет популярность советских картин, хроники, которых у нас также предостаточно. Поэтому нам необходимо не только обеспечивать сохранность кинофондов, но и работать на получение доходов» — заключила Актоты Райымкулова.